12:21, 21 Маусым 2024 | GMT +5
Үш қаладағы ЖЭО құрылысына қаржы зейнетақы қорынан бөлінбейді – Роман Скляр
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда салынатын үш жылу электр орталығының құрылысына қаражат қайдан бөлінетінін түсіндірді.

Оның айтуынша, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын үш жылу электр орталығын салу келісіміне, сондай-ақ ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысы туралы келісімге қол қойылды.
«Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты шығаратын елдің экспорттық жеңілдікті қаржыландыруы есебінен қамтамасыз етіледі. Онда БЖЗҚ қаражаты қарастырылмаған. Қаражатты қайтару тарифтер есебінен жүзеге асады», - деді Р. Скляр Парламент палаталарының бірлескен отырысында.