Үш қазақ жігіті - әлемдегі ең мықты балуандар қатарында

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең мықты балуандарының қатарына Қазақстанның үш спортшысы енді,
None
None

деп хабарлайды ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.

Атап айтқанда 120 келіден жоғары салмақта Нұрмахан Тынәлиев үшінші орында, 96 келіге дейінгі салмақта Ерұлан Ысқақов сегізінші орында, 66 келіге дейінгі салмақта Ербол Қоңыратов оныншы орынды иеленген.

Әрбір салмақ санатының рейтингінде он мықты атлеттен бар.

Айта кетейік, Үндістанда өткен Азия чемпионатында қазақстандықтар жалпыкомандалық есеп бойынша үшінші орын алған болатын, деп жазады Baq.kz.

Соңғы жаңалықтар