11:10, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Үш қазақстандық Астанадан пәтер ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Сәттіхан» ұтыс ойыны акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Келесі 3 жеңімпаз Астанадағы @astanatransstroy_sk құрылыс компаниясы демеушілігімен «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы ұйымдастырған «ТалТерек» тұрғын үйінде 1 бөлмелі пәтерлердің иелері атанды:
1. Киізбаева Алма, купон № 020127
2. Ағыбаева Үміт, купон № 002181
3. Жүнісова Жанат, купон № 002226
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Қоныс құтты болсын!