Үш қазақстандық боксшы алғаш рет IBO рейтингіне ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындарын ұсынамыз:

Супер ауыр салмақтағы Иван Дычко бұдан бұрын 89-шы орынды иеленсе, енді үздік жүздіктен шығып қалды.

Бірінші ауыр салмақтағы Бейбіт Шүменов 27-ден 31-орынға сырғыды.

Жартылай ауыр салмақтағы Әли Ахмедов 49-позициядан 33-ке көтерілді.

Екінші орта салақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы 42-ге жоғарылады (56-орында болған). Осы санатта Нұрзат Сабыров 97-ші нөмірмен дебют жасады.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин дивизионның бірінші қатарында тұр. Мейірім Нұрсұлтанов 74-позициядан 28-ге бірден көтерілді. Жәнібек Әлімханұлы 81-ші болып алғаш рет рейтингке енді.

Бірінші орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев 78-ші орынға орналасты (95-орында болған). Садриддин Ахмедов ТОП-100-ді толықтырып, 83-позицияға жайғасты.

Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев 17-орында тұр (өткен айда - 26-орында болған).

Жеңіл салмақтағы Абылайхан Құсайынов 99-орыннан 83-ке көтерілді.

Соңғы жаңалықтар