Үш қазақстандық боксшы Мажарстандағы турнирдің алтын жүлдесіне таласады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мажарстанның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бошкайды еске алуға арналған халықаралы турнирдің финалына шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ақтық сында айқасатын боксшылар қатарында үш қазақстандық спортшы бар.
52 келіде Сабырхан Махмұдов италиялық Федерико Серруды ұтып, финалға жолдама алды.
69 келіде Талғат Шайкен Украина спортшысы Ярослав Самоталовты жеңді.
Сондай-ақ, 91 келіде Айбек Оралбай франциялық қарсыласын ұтып, турнирдің алтынына таласатын болды.
Ал жартылай финалда сүрінген Айдос Арапов (57 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Дамир Тойбай (+91 келі) — қола жүлдегерлер қатарында. Финалдық кездесулер 7 ақпанға жоспарланған.