Үш қазақстандық фармацевтикалық зауыты инсулин шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған 300 мыңнан астам адам бар, бұл жыл сайын өсіп келеді. Мұндай жағдайларда антидиабетиктердің өндірісі әлеуметтік маңызға ие болып келеді.
«СҚ-Фармация» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, қант диабетімен ауыратын науқастарды қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын инсулиннің 22 түрін алады. «2017 жылы Бірыңғай дистрибьютор жалпы құны 6,6 млрд теңгеге инсулин сатып алды», - деді Шария Исмуханова.
Алайда, науқастар инсулинмен қамтамасыз етілгенде, кейде үзілістер кездеседі. «Аурулардың өсу қарқыны мен оның анықталуы да артып жатыр, сондықтан медициналық ұйымдарға қажетті көлемді дұрыс жоспарлау әрдайым мүмкін емес, және олар бір жыл ішінде олардың тапсырысын арттырады. Ал дәрі-дәрмектерді қосымша сатып алу үшін қымбат уақытты талап етеді», - деді Шария Исмуханова.
Бірыңғай дистрибьютордың басшысының айтуынша, мәселенің шешілуі жергілікті инсулин өндірісін жолға қою. «Қазіргі уақытта отандық компаниялармен алдағы жылдары инсулин өндіруді бастауды жоспарлап отырған үш ұзақ мерзімді шарт жасалды - бұлар «Қарағанды фармацевтикалық кешені», «Хикма ТМД» және «Элеас». Олар конкуср арқылы таңдалып алынды», -деді Шария Исмуханова.
Келісімшартқа сәйкес, компаниялар бес жыл бойы халықаралық стандарттарқа сәйкес өнімдерді шығаруға тиіс. «Қарағанды фармацевтикалық кешені» инсулиннің 8 түрін, ал 8-ін «Элеас» компаниясы шығаруды көздеп отыр.
«Жақында қазақстандық нарыққа кірген Hikma Pharmaceuticals инвесторы жобасының аясында инсулиннің тағы үш атауын шығару жоспарланған. Қазақстанда әлемдік деңгейдегі фармацевтикалық өнімдер өндірісі пайда болған уақытта, олардан алдағы 10 жылда қант диабеті бар науқастарды тегін қамтамасыз ету үшін инсулин сатып алынатын болады.