Үш қазақстандық клуб Еуропа Лигасындағы алғашқы матчтарын жеңiспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Еуропа Лигасының бiлiктiлiк раунды аясында алғашқы матчтар өттi. Алматылық "Қайрат" өз алаңында Албанияның "Кукеси" командасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi. Ойындағы жалғыз голды 89-шы минутта Аслан Дарабаев салды.
Ал елордалық "Астана" сырт алаңда "Пюник" клубын 4:1 есебiмен ойсыратып салды. Қарағандылық "Шахтер" де "Ширак" командасын тiзе бүктiрдi. Ойындағы есеп - 2-1.