Үш көлік апаты екі адамның өмірін қиды, 11 адам жарақат алды
АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат - Үш жол-көлік оқиғасының салдарынан 11 адам ауруханаға түсті, тағы екі адам оқиға орнында көз жұмды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғалары Шығыс Қазақстан облысындағы Таврия-Каменка жолының 4-ші шақырымында, Қарағанды қаласында және Алматы -Екатеринбор тас жолының 956-шы шақырымында болды.