Үш күн ішінде грекиялық жағалау күзеті 2,5 мыңға жуық босқынды ұстады

Хабарланғандай, жұмадан дүйсенбі күнгі таңертеңге дейін грекиялық жағалау күзеті Жерорта теңізінде 70 операцияны жүзеге асырды, оның барысында 2 492 адам ұсталды.
Күн сайын бұл елге Таяу Шығыс пен Африка елдерінен жаңа босқындар келуде. Олардың ішінде ЕО аумағына көбіне лаңкестер кіріп кетіп, басқалармен бірге ЕО аумағымен саяхаттауға мүмкіндік беретін босқын ресми куәлігін алуға тырысады. Миграциялық дағдарыстың шиеленісуіне орай Еуроодақта төрағалық ететін Люксембург 14 қыркүйекте Еуродақ елдерінің ішкі істер министрлерінің және әділет министрлерінің кезектен тыс отырысын шақырту туралы жариялады. Еске салайық, ЕО елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бергі босқындар дағдарысы күшейді. Бұл жылдың сегіз айы ішінде Жерорта теңізі арқылы 340 мың адам ЕО мемлекеттеріне заңсыз кіруге тырысты, олардың 2,5 мыңы қаза тапты.