Үш күнде 13 көлікті тонаған батысқазақстандық екі жігіт ұсталды
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 13 көлікке ұрлыққа түскен күдіктілерді Зашаған полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған. 15-18 қаңтар аралығында олар оңай олжа табу мақсатында қала аумағындағы барлық ықшамауданда болып, автокөліктерден аккумулятор, автомагнитолла, көлік иелеріне тиесілі өзге де жеке заттарды ұрлаған.
«Мәселен, 15 қаңтар күні түнгі сағат 23:00-де олар Зачаган ықшамауданындағы жер үйдің ауласында тұрған Audi көлігінің салонынан сұр түсті батарея мен 10 литрлік темір канистрді ұрлаған. Ал 16 қаңтарда Зачаган ықшамауданындағы жер үйдің ауласында тұрған ВАЗ 2107 көлігінен магнитофон, аккумулятор, 2 дана дыбыс зорайтқыш, қосалқы дөңгелек сынды бұйымдарды ұрлап кеткен», - делінген полиция хабарламасында.
Мәлім етілгендей, Шаған полиция бөлімінің сақшылары екі күдіктіні ұстады. Ұрланған заттар жартылай тәркіленді. Күдіктілер қылмыстарын толық мойындады.
«Қылмыстық істі тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер арнайы есепке алынбаған, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды», - деді полициядан.