Үш күнде 200-ге жуық батысқазақстандық ата-ана жауапқа тартылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 30 қазан - 2 қараша аралығында «Қайыршылық» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үш күнде түнгі уақытта 155 жасөспірімнің қараусыз жүргені анықталды.
Сондай-ақ 24 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқа қаладан келіп, қараусыз жүрген 4 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қоғамдық орындарда қайыршылық жасағаны үшін 7 адам жазаланды.
