Үш күнде Киевте 64 адам ажал құшты - Украина Денсаулық сақтау министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, Киевтегі тәртіпсіздіктің үш күнінде 64 адам ажал құшты. Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланды.
Бұдан бұрын аталған министрлік 35 адамның өмірі қиылғандығын айтқан болатын.
Киев орталығында жұмыс істеп жатқан оппозиция медициналық қызметінің басшысы 20 ақпанда қалада наразылық шарасы барысында кем дегенде 70 адам қаза болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ассошиэйтед пресc агенттігі.
Атап айтқанда, бейсенбіде медициналық көмекке 551 адам жүгініп, 332-сі ауруханаға жатқызылған көрінеді.