Үш күнге арналған ауа райы: тек батыста ғана жылы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш күнге арналған ауа райы: тек  батыста ғана жылы

Еліміздің солтүстік және шығыс жартысында жаңбырдың арты қарға ұласуын тудырған солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады. Алайда, кезекті антициклон жылжып келеді, оның әсерінен жауын-шашынның тоқтауы және еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек батыста ғана ауа райы күздегідей жылы болады.