Үш мың теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот деп жарияланғаны рас па

банкрот
Фото: ortcom.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бірер күн бұрын 2 978 теңге қарызы бар азаматтың банкрот деп жарияланғаны туралы хабар тараған еді. Atameken Business телеарнасының эфирінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Айнара Рахметова аталған жайтқа түсінік берді.

«Бұл — жалған ақпарат. Біз аталған азаматты банкрот деп таныған кезде оның қарызы 1 млн 473,3 мың теңге болған. 2020 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтарды банкрот деп тану туралы 80 953 өтініш келіп түсті, оның 79% критерийге сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жібердік», — деп түсіндірді Айнара Рахметова эфир барысында.

Еске сала кетейік, небары 2 978 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланғанын хабарлаған едік.  

Айта кетейік, ақпаратты Бірінші кредит бюросы таратқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар