Үш мыңнан астам жас сарбаз Отанға адал болуға ант қабылдады

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жас сарбаздардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бүкіл еліміз бойынша бір мезгілде үш мыңнан астам әскерге жаңа шақырылған бозбала Отанға адал болуға Ант қабылдап, серт берді.

Қарулы күштердің түрлері мен тектері, әскери бөлімдері, атап айтқанда Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, Аэроұтқыр әскерлері, Ракета мен артиллерия әскерлері жас сарбаздармен толықты.

Ант қабылдау - әрбір әскери қызметші үшін қасиетті рәсім болып саналады. Шара командирлердің, арнайы шақырылған ардагерлер мен ата-аналардың қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі. Бұл мерекенің маңызын арттыра түседі. Отан алдында ант қабылданады, сарбаздар еліміздің, туған туыстарының, бүкіл азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға өздеріне жауапкершілік қабылдайды.

Мерзімді қызмет сарбаздарын 12 айлық жауынгерлік оқу күтіп тұр. Осы уақыт аралығында олар әскери мамандықты, өздеріне берілген қаруды меңгеріп, қарулы күштердің жалпы әскери жарғысын жадына сақтауға талпынуы тиіс.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Әскери бөлімдерге енді келетін сарбаздар әскери ант қабылдаудан тыс қалмақ емес.

Соңғы жаңалықтар