Үш облыс жолдарында көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе мен Қызылорда облыстарындағы республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол мекемесі.

погода, боран, метель, дорога
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Жолды 2026 жылғы 16 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ сағат 19-30-дан бастап Батыс Қазақстан облысында да көлік қозғалысы шектелмек.

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).

Жолды 2026 жылғы 16 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Осыған дейін 15 ақпанда жабық тұрған жолдар туралы ақпарат берген едік.