Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazinform.
18 қарашадағы кешкі сағат 19.45-тегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты (қар, боран) көлік құралдарының қозғалысын шектеу Ақмола (9), Қостанай (5), Солтүстік Қазақстан (8) облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 164 арнайы техника мен 190 жолшы жұмылдырылды.