Үш облыста қоғамдық көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің үш облысында аязға байланысты қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.

жол жабылды
Фото: Абай облысы ПД

2025 жылғы 24 қаңтар сағат 18:00-де ауа температурасының төмендеуіне (-35 -40C) байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды: 

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 6-337 шақырым аралығы, Ушановское ауылы-Катонқарағай ауданы

- «Өскемен-Риддер» автожолының 15-105 шақырым аралығы, Белоусовка ауылы - Риддер қаласы

- «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы, Герасимовка ауылы - Абай облысының шекарасы.

- «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасы- Уланское ауылы, 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое а.-Шемонаиха қ.), 1194-1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қ.-РФ шекарасы).

- «Омбы-Майқапшағай» автожолының 1103-1256 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасы-Зайсан қаласы

- «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» автожолының 0-124 шақырым аралығы, Дайырово ауылы - Марқакөл ауылы

Абай облысы:

- «ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы» автожолының 910-1103 шақырым аралығы, Қалбатау ауылы - ШҚО шекарасы.

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-1013 шақырым аралығы, Жетісу облысының шекарасы - ШҚО шекарасы.

- «Өскемен-Семей» автожолының 103 шақырымы, ШҚО шекарасы–Семей қаласы

Жетісу облысы:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қ.-Абай облысының шекарасы.

Жолды 2025 жылғы 25 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Осыған дейін «Қазгидромет» мекемесі еліміздің аймақтарында - 38 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар