Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол 3 облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

3 облыста көлік қозғалысы шектеле
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

2025 жылғы 26 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ұлытау облысы:

- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы - Жезқазған қаласы).

Қызылорда облысы:

- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы - Ұлытау облысының шекарасы)

Жетісу облысы:

- «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).

-«Сарыөзек – Көктал» автожолының 141-142 шақырым аралығында (Көнбе көпірі).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 470 арнайы техника мен 951 маман жұмылдырылды.

Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар облысында 26 ақпанда дауылды ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар