Үш облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстарында тек қалталы шетелдіктер ғана кіре алатын казинолар ашылмақ.

Алматыда төрт онлайн казино жабылды
Фото: Pexels

Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Мирас Төлебаев осындай мәлімет берді. 

Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісі
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Туризмді дамыту үшін Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстарында шетелдіктерге арналған ойын аймақтарын ашу жұмыстары пысықталып жатыр. Бұл казинолар ауқатты шетелдіктердің ағынын арттырады және туризм кластерінің басты орталығына айналады деп күтеміз. Дәл осындай Макао, Сингапур, Малайзия және Филиппин елдерінде туризмнің дамуына қосымша серпін беріп отыр. Мұндай тәсіл Қазақстанда да жеміс береді деп пайымдаймыз. Жаңа казинолар мыңдаған жұмыс орындарын ашып, миллиардтаған салық түсіреді, — деді Мирас Төлебаев.

Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісі
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Вице-министр бұл ойын аймақтарында тек казино ғана ашуға рұқсат етілетінін атап өтті.

— Оған Қазақстан азаматтары қатыса алмайды. Тек шетелдіктер ғана ойнауға рұқсат беріледі, — деді ол.

Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі Мирас Төлебаев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ойын бизнесі және лотореяны реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділет Тұрғанбаевтың сөзінше, бұл жобаларға Қытай, Ресей, Еуроодақ инвесторлары тартылуы мүмкін. Инвесторларға казиноға қойылатын әр үстел мен ойын автоматтарына салынатын алым мөлшерін екі есе қысқартып, шетелдік туристерді ұтыстан алған жеке табыс салығынан босату көзделіп отыр.

Бұған дейін Маңғыстау облысында Баку мен Дубай тәжірибесі бойынша казинолар ашылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар