Үш облыста жол қозғалысы шектелді

знак стоп
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қар көшкіні мен су тасқыны қаупіне байланысты еліміздің үш облысында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Қазавтожол мәлімдеді.  

Қарағанды облысында еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан «Қызылорда — Павлодар» тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы — Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Ұлытау облысында еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ, қар көшкініне байланысты «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай» тас жолының 6-166 шақырымында (Ушановское ауылы-Алтай учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

«Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай» тас жолының 420-450 шақырымында (Берел ауылы-Рахман қайнары) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Соңғы жаңалықтар