21:53, 10 Наурыз 2024 | GMT +5
Үш облыста жол жабылып, көлік жүруіне тыйым салынған
АСТАНА. KAZINFORM - 10 наурыз сағат 21:00-дегі жағдай бойынша 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында — жалпы ұзындығы 160 км бір автожол
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел ауылы — Рахман қайнары (автокөліктің барлық түріне)
Қызылорда облысында — жалпы ұзындығы 204 км бір автожол
- «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда қаласы — Ұлытау облысы шекарасы
(автокөліктің барлық түріне)
Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 208 шақырым бір автожол
- «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда облысы шекарасынан Талап ауылына дейін (автокөліктің барлық түріне)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 213 техника және 272 жолшы жұмылдырылған.