18:10, 19 Қазан 2018 | GMT +6
Үш облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ауа райына байланысты үш облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, 20-22 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Сонымен қатар, Астана қаласында 20 қазанда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ күтіледі, 20-22 қазанда оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін күшті жел соғады.
20 қазанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
20-21 қазан күндері түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ, Тараз қаласында 20-21 қазанда түнде 1-3 градус үсік сақталады.