Үш облыста ескерту жарияланды - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш өңірде және Астанада ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 16-17 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында оңтүстік-батыс, батыс желі соғып, оның екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с-қа жетеді.
15 сәуір күні күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан 15-2 м/с жел тұрады, екпіні кей жерлерде 25 м/с жетеді. Астанада 15-17 сәуір күндері күндіз жылдамдығы 15-20 м/с-қа жететін оңтүстік-батыс, батыс желі соғады.