Үш облыста теміржолдар қардан тәулік бойы тазартылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыстың алғашқы күнінде өңірлердегі теміржолдар бойы 2 мың текше метр қардан тазартылды. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы магистральдарда қар тәулік бойы күрелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш облыста теміржолдар қардан тәулік бойы тазартылуда

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 желтоқсан күні магистральдарды қардан тазартау жұмыстарына 1600 теміржолшы жұмылдырылған.

«Сороковая-Сарыоба, Зырян-Серебрянка, Риддер-Өскемен-1, Өскемен-Рулиха және тағы басқа учаскелерде теміржолдардың қары арнаулы техниканың көмегімен күрелді», - делінген хабарламада.

Теміржолшылардың айтуынша, стансалық және магистральдық жолдардан 2 мың текше метрге жуық қар шығарылып, 200 километрден астам теміржол тазартылды.