Үш облыста жаңа спорт алаңдары ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды, Көкшетау, Орал қалаларында арнайы street workout спорттық алаңдары ашылды. Бұл игі бастама халықты бұқаралық спортқа баулуды көздейді.

Үш облыста жаңа спорт алаңдары ашылды

Street Workout арнайы спорттық алаңдары Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалаларында спорт сүйер қауымға қолжетімді болып отыр. Және де алдағы уақытта бұл қалалар тізімі толығатын болады. Спорттық алаңдар жиырма түрлі снарядпен жабдықталған және адамға барлық бұлшықеттерін шыңдауға мүмкіндік береді.
null 

Спорттық алаңдар бірінші кезекте қалалардың халық тығыз орналасқан және неғұрлым қолжетімді аудандарында салынды. Басты мақсат - алаңдарда спортпен шұғылдануға мейлінше көп адам тарту. Мәселен, Орал қаласында workout алаңы тұрғындардың ең сүйікті демалыс орнына арналған жергілікті "Арбатта" салынса, Қарағандыда Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында, Көкшетауда қаланың орталық кқшелірінің бірінде бой көтерді.
null 

Спорт алаңдарының ашылу салтанатына  Workout федерациясы өкілдерімен қатар қала басшылығы, спорттық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, осындай алаңдар салып берген Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті басшылығына алғыстарын білдіріп жатты.
null 

Street Workout  - ең қолжетімді спорт түрлерінің бірі. Онымен шұғылдану үшін арнайы спорт алаңы мен ниет қажет. Алаңдардағы снарядтар кәсіби спортшылар мен әуесқойларға қатар есептелген. Қазіргі кезде елімізде осы спорт түрімен айналысатындар саны артып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда олардың саны 45%-ға өсіп, жүз мыңнан астам адамды құрайды.

null