Үш өңірде әкімдер сайлауы 28 тамызда қайта өтетін болды - ОСК

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Үш өңірде әкімдер сайлауы 28 тамызда қайта өтетін болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты өткен брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов мәлім етті.

Үш өңірде әкімдер сайлауы 28 тамызда қайта өтетін болды - ОСК

ОСК мүшесінің айтуынша, таңдаушылардың дауысы тең түскендіктен еліміздің үш округінде ауыл әкімдерінің сайлауы қайта өтетін болды. Бұл 28 тамызға тағайындалған. 8 тамыздан бастап аудан әкімдері осы үш округке кандидаттарды ұсына алады.

«Атап айтқанда Павлодар облысында екі ауылдық округ пен Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылдық округінде сайлау қайта өтеді. Жалпы бұл сайлауға бұған дейінгі сайлауға үміткер ретінде қатысқан кандидаттар да қатыса алады. Бірақ, ондай үдерістер негізінен аудан әкімдеріне қатысты. Өйткені, аудан әкімдері сайлауға дәл сол кандидаттарды балама ретінде аумақтық сайлау комиссияларына ұсынған болса, онда олар тағы да үдеріске қатыса алады», - деді Б. Мелдешов.