Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет

22 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, баяу бұрқасын, күндіз көктайғақ сақталады. Кей жерлерде шығыстан 15-20, күндіз екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Сондай-ақ, 22 желтоқсанда Шымкент қаласында тұман күтіледі.

22-24 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр соғады, тұман түседі. 22 желтоқсан өңірдік жолдарында көктайғақ сақталады.

22 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.