14:54, 17 Қазан 2019 | GMT +6
Үш өңірде тұман түсіп, үсік жүреді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай, Ақмола және Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18-20 қазан түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.
18 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
18 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Көкшетау қаласында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15 м/с болады.