Үш өңірде үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы

 Ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

үсік жүреді
Фото: ҚазАқпарат ХАА

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек республиканың батысында және таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, оңтүстікте, батыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады,

Түнде оңтүстікте, Ақмола орталығында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді.

Түркістанда, Қызылорда облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.