Үш театрда қойылған «Щелкунчик» балеті 40 мыңнан астам көрермен жинады

АСТАНА. KAZINFORM — П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті қысқы маусымда Қазақстанның бірден үш театрында қойылып, жаңа жылға арналған классикалық туынды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Театрлар жалпы 47 қойылым ұсынып, оған 40 мыңнан астам көрермен келген. 

Үш театрда қойылған «Щелкунчик» балеті 40 мыңнан астам көрермен жинады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

Чайковскийдің музыкалық мұрасы әр театрда әртүрлі қойылған. Классикалық оқиғаның желісі барлығына ортақ болғанымен, сахнада жеткізуі, пластика мен визуал, әртістердің эмоциясы өзгеше. Сондықтан көрерменге әр театр қойылымы әртүрлі әсер етеді.

Щелкунчик
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

Мәселен, «Астана Опера» театрында көрерменге Юрий Григорович қойған «Щелкунчик» ұсынылды. Спектакльдің көркемдігін Симон Вирсаладзенің сценографиясы мен костюмдері айшықтайды: ауқымды сахналық шешімдер мен сәнді киімдер нағыз театр ғажайыбы мен мерекелік әсер береді.

Щелкунчик
Фото: Мәдениет комитеті

Ал «Астана Балет» театры «Щелкунчик» балетінің Василий Вайнонен редакциялап, Алтынай Асылмұратова сахналаған нұсқасын қойды. Мұнда әр қимылдың айқындығы, бидің жеңіл әрі ырғақты болуы жас көрерменге ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды.

Щелкунчик
Фото: Мәдениет комитеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында «Щелкунчик» маусымдағы ең көп күтетін спектакльдердің бірі болып саналады. Балет ұзақ жылдар бойы театр репертуарынан түспей келеді. Тарихи балет Вайнонен нұсқасында қойылған, ал 2015 жылы спектакль жаңартылды. Сахнада классикалық және заманауи театр тоғысып, ерекше көркемдік үйлесім табады.

Щелкунчик
Фото: Мәдениет комитеті
Щелкунчик
Фото: Мәдениет комитеті

Жыл сайын «Щелкунчик» балеті классикалық өнердің құндылықтарымен таныстырып, көрермен көңілінен орын тауып келеді. 

Айта кетелік «Аватар» фильмінің үшінші бөлімі 1 миллиард доллардан астам қаражат жинады

Соңғы жаңалықтар