Үш троллейбус отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығысында сәрсенбіге қараған түні үш троллейбус өртеніп кетті, деп хабарлады "Интерфакс" Мәскеу полициясына сілтеме жасап. Қайғылы оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Тілсіз жау Никлол-Архангельский көшесіндегі троллейбус тұрағында орын алған.
Троллейбустың бірінен шыққан өрт әп-сәтте қасындағы екі екі көлікті шарпып үлгерген. Машиналар толықтай жанып кетті.