Үш үміткер президенттік сайлауға қатысудан өз еріктерімен бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттік сайлауға қатысудан өз ерікімен бас тартқан үш адамға қатысты шешім шығарылды.

Үш үміткер президенттік сайлауға қатысудан өз еріктерімен бас тартты

«Үш үміткер Мұхамедрахим Қабырбайұлы Құрсабаев, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов және Жақсыбай Әбішұлы Бәзілбаев Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беріп, өз кандидатураларын алып тастады. Сол себептен бізге хаттама ретінде шешім қабылдауымыз керек. Ол шешімде бұл үміткерлерді біз тіркеуден бас тартамыз», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев.

ҚР ОСК мүшелері қаулы жобасын бірауыздан мақұлдады.