Үш ұшқыштың тағдыры: Иран мен Қатар неге дауласып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Иран мен Қатар мемлекеттері жарты жылға жуық уақыт өткен соң үш әскери ұшқыштың тағдырына қатысты дауды қайта бастады. Иранның Сыртқы істер министрлігінің күдігінше, наурыз айында соққыға ұшыраған Су-24 ұшағының ұшқыштарын Қатар тұтқында ұстап отыр. Ал Доха мұндай айыпты үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Kazinform агенттігінің аймақтағы меншікті тілшісі Таяу Шығыстағы жанжалдың жай-жапсарын баяндады.
Иранның Сыртқы істер министрлігі жоғалған үш әскери ұшқыш табылғанға дейін оларды Қатарда тұтқында отыр деп есептейтінін мәлімдеді. Доханың тағылған айыпты жоққа шығарғанымен, қарсы тарап райынан қайтар емес.
– Олардың қазіргі жағдайына қатысты нақты ақпарат алу аса маңызды. Ұшқыштардың тағдыры анықталғанға дейін біз оларды тұтқында деп есептейміз және олардың қайда екенін, қандай жағдайда екенін анықтау үшін бар күшімізді саламыз, – деді Иран СІМ ресми өкілі Эсмаил Багаи кезекті брифингте.
Бұл мәлімдеме соңғы күндері Тегеран мен Доха арасында ушыққан даудың жалғасы. Иран өзінің үш әскери ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін ұшақтағы әскерилер аман қалды деп санайды. Кейін оларды Қатар қарулы күштері қолға түсірген деп отыр. Ал Қатар мемлекеті ұшқыштардың тұтқынға алынғанын растайтын ешқандай мәлімет жоқ екенін бірнеше рет хабарлаған болатын.
Оқиғаның мән-жайы
Биыл 2 наурызда Иран АҚШ-тың әскери базаларын жою мақсатында Қатар аумағында арнайы операция өткізді. Әскери әрекет барысында Иранның екі Су-24 бомбалаушы ұшағы Қатар жерінде атып түсірілген еді. Бұл – АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әуе шабуылдары басталғаннан кейін үшінші күні болған оқиға.
Тегеранның түсіндіруінше, ұшақтар АҚШ-тың Әл-Удейд әскери әуе базасына соққы жасауға қатысқан, кейін олармен байланыс үзіліпті. Қатар тарапы Иран ұшақтары елдің әуе кеңістігін бұзғанын айтып, оларды атып түсіргенін мойындады.
Доханың айтуынша, соққы жасар алдында ұшақ экипажымен байланыс орнатуға әрекет жасалған.
– Соққы жасау ережесін сақтап, экипаждармен байланысуға әрекет жасадық. Алайда олардан жауап болмаған соң, жерімізді қорғау үшін қажетті шаралар қабылданды, – деді Қатар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджед әл-Ансари.
Qatar rejects Iran's claims of detained pilots amid dispute over March airstrike
— The Cradle (@TheCradleMedia) August 16, 2026
——
▪️Qatar has categorically denied Iranian claims that it is secretly detaining three Iranian Su-24 bomber pilots allegedly captured after their aircraft were shot down in March. Qatari Foreign… pic.twitter.com/M0DfkMc3Rn
Екі ұшақтың бортында Иранның төрт әскери ұшқышы болған. Кейін Қатардың іздеу-құтқару қызметтері ұшқыштардың бірін – бригада генералы Маджид Каземидің мәйітін тапты. Генералдың жеке басы анықталғаннан кейін марқұмның денесі Иран тарапына берілген. Шілде айында оның денесі туған жерінде жер қойнына тапсырылды.
عقابان تیزپرواز نیروی هوایی ارتش، از آن تبارند که مأموریت را به پایان میرسانند، حتی اگر خود به خانه بازنگردند.
— Esmaeil Baqaei (@IRIMFA_SPOX) July 30, 2026
امروز و فردا پیکر مطهر امیر سرتیپ دوم خلبان مجید کاظمی بر دوش همسنگران و مردمان قدرشناس ایران تشییع و به خاک پاک ایران سپرده خواهد شد. این تشییع، ادای احترام به… pic.twitter.com/y00H9l2mHH
Тегеранның нұсқасы бойынша, Каземи басқарған ұшақ Әл-Удейд әскери базасына жасаған соққыдан кейін кері қайтып келе жатқан кезде атып түсірілген. Экипаждың қалған үш мүшесі – Джавад Салехи, Абдолмәджид Даштиани және Имран Бехрушианның тағдыры әзірге белгісіз.
Иранның ұстанымы
Бірнеше ай бойы Иран қалған үш ұшқышты ресми түрде хабар-ошарсыз кеткендердің қатарына қосып келген. Алайда 15 тамызда Тегеран алғаш рет олардың аман қалуы мүмкін екенін және Қатарда тұтқында болуы ықтимал деп айтты.
Сонымен қатар Иранның хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу комитетінің төрағасы, генерал Мохаммад Багерзаде Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричке хат жолдаған. Хатта ұшқыштар ұшақтан катапульт арқылы секіріп аман қалғаны жазылған және Қатар тарапы оларды қолға түсіріп, шамамен алты айдан бері тұтқында ұстап отыр деп жазылған.
Иран тарапының мәліметінше, ұшқыштарға отбасымен және Тегеран өкілдерімен байланысуға мүмкіндік берілмепті. Иран Халықаралық Қызыл Крест комитетінен әскерилердің қайда екенін анықтауға әрі оларды елге қайтаруға жәрдемдесуді сұрады.
🔴Brig. Gen. Bagherzadeh, Commander of the Missing in Action Search Committee of the Iranian Armed Forces:
— Press TV 🔻 (@PressTV) August 16, 2026
🔺 A team of highly qualified Iranian Air Force experts has been waiting for months to enter Qatar & conduct an on-site investigation into the fate of three Iranian pilots. pic.twitter.com/lhMpnykymj
Келесі күні Багерзаде Иран әскерилері мен арнайы сарапшылар бірнеше айдан бері Қатарға кіруге рұқсат ала аламай отырғанын жеткізді. Оның пайымдауынша, Қатар тарапы тергеуді әдейі созып отырған сыңайлы. Сондықтан оқиға орнын тексеру үшін мамандарды елге кіргізуді талап етті.
Қатардың жауабы
Доха барлық айыпты теріске шығарып, төрт экипаж мүшесінің бірінің мәйіті табылғанын ғана растаған. Олардың нұсқасы бойынша ұшақтар атып түсірілгеннен кейін іздеу-құтқару бөлімдері іздеу операциясын дереу қолға алған көрінеді. Іздеу барысында тек генерал Маджид Каземидің мәйіті табылыпты. Кейін ұшқыштың денесін отанына жеткізу үшін Тегеранмен байланыс орнатқан.
Дегенмен оқиғаға қатысты екі елдің таратқан мәліметінде маңызды қайшылық бар.
Тегеран өз сарапшылар тобы бірнеше айдан бері Қатарға кіруге рұқсат ала алмай отыр деген болатын. Доха, керісінше, сәуір айында-ақ ирандық делегацияны елге шақырып, іздеу-құтқару операциясының нәтижесі туралы ақпарат беруге дайын болғанын айтып отыр. Бұл ұсынысқа Иран тарапынан жауап болмаған.
تشرفت اليوم بثقة سعادة @MBA_AlThani_ نائب رئيس مجلس الوزراء ووزير الخارجية بتكليفي مستشاراً لسعادته ومتحدثا رسمياً باسم وزارة الخارجية
— د. ماجد محمد الأنصاري Dr. Majed Al Ansari (@majedalansari) February 22, 2022
سائلاً المولى القدير التوفيق في خدمة هذا الوطن المعطاء والإسهام في رفعته في ظل القيادة الرشيدة لحضرة صاحب السمو.
– Ирандық ұшқыштардың ұсталғаны туралы таралып жатқан мәліметтерді үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Аймақтағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық бастамалар жалғасып жатқан уақытта мұндай жаңсақ мәлімдеменің айтылғаны таңғалдырып отыр, — деді Катар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Осылайша, оқиғаға қатысты қос тараптың тек бір пікірі ортақ: Иранның төрт ұшқышының біреуі қаза тапқан, оның мәйіті Иранға қайтарылды.
Pray for these brave Iranian pilots
— Persian Girl (@Persianserene1) August 16, 2026
They were captured alive by Qatar and have been held for nearly six months
General Sayyari said they successfully completed their missions but were targeted on their way back home... pic.twitter.com/eEX8qFlseK
Дау неліктен дәл қазір ушықты?
Қазір Қатар мемлекеті Тегеран мен Вашингтон арасында араағайындық жасап отыр. Доха аймақтағы шиеленісті шешуге қадам жасалған сәтте мұндай айыпты құптамауда.
17 тамызда Иран Сыртқы істер министрлігі ұшқыштардың тағдырын анықтау Қатармен қарым-қатынасқа, оның делдалдық рөліне әсер етпеуі керек екенін айтты.
– Біз тұрақты байланыстамыз, Қатар тарапының АҚШ-пен басталған келіссөздерде үлесі бар. Алайда өз күдігіміз бен ұстанымымызды да білдіруге тиіспіз, – деді Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи.
Эсмаил Багаи Тегеран алты айға жуық уақыт өткесін ғана ұшқыштарды іздеді деген пікірге қарсы. Дипломаттың айтуынша, бұл тақырып Қатар тарапымен соғыстың алғашқы күндерінде-ақ талқыланған. Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық Қызыл Крест комитетіне алғашқы ресми өтініші наурыз айының ортасында жолданған көрінеді. Сонымен қатар екі елдің Доха мен Тегерандағы елшіліктері арқылы байланыстар жүргізілген.
Сонымен, Иран үш ұшқыштың тағдыры белгілі болмайынша, оларды тұтқында деп есептейтінін аңғартты. Тегеран олардың қайда екенін анықтау үшін көпжақты келіссөздер мен құқықтық тетіктерді пайдалануға ниетті.
Iran urges Qatar to clarify status of three captured fighter pilotshttps://t.co/x1zFHIkdt3 pic.twitter.com/iSOR1v0LYU
— IRNA News Agency ☫ (@IrnaEnglish) August 17, 2026
Айта кетейік, бұған дейін Иран АҚШ-ты Парсы шығанағын ластады деп айыптады.
Пәкістан АҚШ пен Иранды келіссөз үстеліне оралуға шақырды