Үш жас жігіт пен ер адам шомылу кезінде суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Еліміздің су нысандарында үш жас жігіт пен ер адам суға кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бүгін түнде Каспий теңізіне 24 жастағы жігіт батып кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД судан құтқару қызметі (3 адам және І бірлік техника) судан шығарып алды.
Жұма күні, 7 маусымда Алматы облысының Алмалыбақ кентінде жасанды су қоймасына 16 жастағы жасөспірім батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД судан құтқару қызметінің (12 адам және 2 бірлік техника) күшімен судан шығарылып алынды.
Өскеменде Самар тасжолы ауданындағы қазаншұңқырға 17 жастағы жасөспірім суға кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметі (3 адам және 1 бірлік техника) шығарып алды.
Сол күні Қызылорда облысындағы «Аша» арнасына 31 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Қызылорда облысы ТЖД судан құтқару күштері (4 адам және 1 бірлік техника) іздестіруде.