Үш жасар бала темекі шегіп отырғаны түсірілген видео жұртты дүрліктірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube желісінде ТУТ КАЗАХСТАН есімді қолданушы екі-үш жасар баланың темекі шегіп, жерге шырт-шырт түкіріп отырған видеосын жариялады. Видеоға қарап, баланың «үлгі» тұтар адамы бар екенін бағамдау қиын емес. Бұл жастағы балалар жақсы-жаманды айыра алмайды және көргенін санаға сіңіре береді.
2016 жылы 14-23 қараша күндері Қазақстанда темекімен күрес күніне арналған онкүндік өтеді.
Сарапшылардың мәліметтері бойынша, 700 миллионға жуық бала немесе әлем балаларының тең жартысы темекі түтінімен ластанған ауаны жұтады. 40% астам балалардың ата-аналарының бірі шылым шегеді. 2004 жылы темекі түтіні себеп болған мезгілсіз 600000 ажалдың 31% балаларға тиесілі.