Үш жасар баланы ажалдан құтқарған мақтаралдық мұғалім марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 3 жасар баланы ажалдан құтқарған мұғалімге құрмет көрсетілді.
None
None

Мақтарал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы Айгүл Тұрсынқұлованы алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Мұғалімнің өзі де үш баланың анасы, сондықтан суға ойланбастан секірген. «Менiң орнымда кез келген адам солай жасар едi»,- дейдi Айгүл Тұрсынқұлова.

Естеріңізге салсақ, Мақтарал ауданындағы Кеңесшіл елді мекенінде ауыл шетіндегі каналға үш жасар бүлдіршіннің батып бара жатқанын көрген Айгүл Тұрсынқұлова ойланбастан, үстіндегі киiмiмен суға секірген.  Сөйтіп, суға тұншыққан үш жасар Әбдiсәлiптi сыртқа алып шығады. Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Оның ата-анасы мен ауыл тұрғындары балдырғанды ажалдан аман алып қалған ұстазға ризашылықтарын бiлдiрді. 

Соңғы жаңалықтар