Үш жасар баланы қағып кеткен жүргізуші елордалық колледждердің бірінің оқушысы болып шықты
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Өткен аптада үш жасар бала мен оның әкесін қағып кеткен жүргізуші елордалық колледждердің бірінің оқушысы болып шықты,
деп хабарлайды Астана қаласы жол полициясының басқармасынан.
18 жастағы жігіт жүргізушілік куәлігін осыдан бірнеше ай бұрын алған. Оқиға бойынша тергеу амалы жүргізілуде.
Өткен бейсенбі күні сағат 13.19-да елордалық «Сарыарқа» ауданында Герцен және Новая көшелерінің қиылысында 18 жастағы жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Оқиға орнында 3 жасар бала көз жұмды, ал оның 36 жастағы әкесі ауыр бас жарақатымен ауруханаға түсті.
Өткен аптада елордада 4 жол-көлік оқиғасы орын алды, олардың салдарынан екі адам қаза болып, үш адам түрлі жарақат алды, деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен.