Үш жасар қыз 12 адамды тірідей өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда үш жастағы қыз бала 12 адамның өмірін қиған өрттің шығуына себепкер болды.

Үш жасар қыз 12 адамды тірідей өртеп жіберді

Тергеушілер оның оттықпен ойнап отырып, ғимаратты өртеп жібергендігін анықтады. Бүлдіршіннің әкесіне тұрғын үйді шеберхана ретінде пайдаланғаны және өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандығы үшін айып тағылды.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай өтемақы беріледі. Әзірге оның көлемі айтылмай отыр.