Үш жолбарысты жегені үшін қытайлық кәсіпкер 13 жылға түрмеге қамалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда сот сатып алған үш жолбарысты жегені үшін кәсіпкерді 13 жылға темір торға жапты, деп хабарлады Би-би-си.
Кәсіпкер Гуандун провинциясына сапары кезінде Қызыл кітапқа енген жануарларды сатып алып, әр жолбарыс үшін 70 мың доллардан ақша төлеген.
Полиция кәсіпкердің тоңазытқышынан жануарлар етінің бір бөлігін тапқан. Осы іс бойынша жолбарыстардың өлтірілуіне қатысы бар тағы 14 адамға үкім шығарылды.