Үш жүз қазақстандық 7-Қысқы Азия ойындарын тегін тамашалайды

АЛМАТЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат- /Ербол Азанбек/ - Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған 300 қазақстандық 7-Қысқы Азия ойындарын тегін тамашалайды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ойындарды ұйымдастыру дирекциясының билет жүйесі басқармасынан хабарлады.

Үш жүз қазақстандық   7-Қысқы Азия ойындарын тегін тамашалайды

Басқарма өкілдерінің хабарлауынша Қазақстан заманауи әлеуметтік мемлекет ретінде ойындар бағдарламасын тамашалауға тегін 300 билет бөліп отыр. Билеттер денсаулығы нашар, мүгедектер мен әлеуметтік аз қамтылғандарға берілмек. Сонымен қатар ойындарды тамашалауға ойындарға қатыспайтын спортшылар мен спорт ардагерлері де арнайы шақыру билеттері бойынша тегін кіретін болады.