Үш жылда Индустрияландыру картасының 600-ден астам жобасы пайдалануға берілді

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010-2013 жылдар аралығында елімізде жүзеге асып жатқан Индустрияландыру картасы бойынша 600-ден астам жоба пайдалануға берілді. Олардың ішінде ағымдағы жылы 125-і іске қосылды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Индустрияландыру күні барысында мәлім болды.
None
None

Индустрияландыру картасына қатысты берілген анықтамаға қарағанда, картаның 60-тан астам кәсіпорындары өз өнімін экспортқа шығарды. Шетелдік нарыққа 126 млрд. теңгенің өнімі жіберілген. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысушы-кәсіпорындар 2 трлн. 500 млрд. теңгеге өнім жіберілген. Сонымен қатар, Индустрияландыру картасының объектілерінде 50 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Соңғы жаңалықтар