Үш жылда жұмыспен қамту бағдарламасына 210 мың адам тартылды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - 2011-2013 жылдары жұмыспен қамтуға 169 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бағдарлама жүзеге асып жатқан бір жарым жыл ішінде еңбек нарығындағы ахуалға қарай жұртты жұмыспен қамтамасыз етудің тәсілдері мен тетіктері екшелген, жетістіктері мен кемшіліктері сараланған. «Бастысы бағдарламаға кімдердің қатысуы қажеттігін, азаматтардың қай санатына көмек көрсету керектігін айқындап алдық. Оның ішінде 125 мың жұмыссыз (66,3 пайыз) 52 мыңға тарта өзін өзі жұмыспен қамтығандар (27,9 пайыз) 11 мыңға жуық әлеуеті төмен отбасылар (5,6 пайыз) құрады. 2011-2013 жылдары республикалық бюджеттен 169 млрд. теңге бөлініп, осы аралықта 189 мың адам белсенді шараларға қатысты, әлеуметтік келісімшарттарға қол қойды. Жалпы бағдарламамен отбасы мүшелерін қоса есептегенде 210 мың адам қамтылды», дейді министр.

Оның айтуынша, бағдарламаға қатысушылардың ішінде 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 58 пайызды немесе 109 мың адамды, ал әйелдердің үлесі 49 пайызды немесе 93 мың адамды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар