Үш жылдан кейін үйіне оралған азамат қабіріне гүл қойып жатқан әке-шешесінің үстінен шықты
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Седлиска қаласының тұрғыны, ұлты поляк Ярослав Каролински ұзақ уақыттан кейін үйіне келсе, әке-шешесі оның қабіріне гүл шоқтарын қойып жатыр екен.
Мұндай келеңсіз жағдайдың орын алуына ер адамның өзі кінәлі болып шықты. Үш жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ол отбасымен байланысты үзген екен.
2010 жылы 35 жастағы (сол кезде) Каролински өгей әкесінің үйінен айтуынша, «өзінің орнын» табуға кеткен. Осы кезге дейін ұлдарынан еш дерек болмаған соң ата-анасы өлген жандардың қатарына қосып та қойған.
Олар қателесіп Украина шекарасына жақын жерден полиция қызметкерлері тапқан мәйітті өздерінің ұлдары деп есептеп, жерлеген. Ал баласын тірі көрген шешесі талып қалған.
Қазір билік өкілдері поляк отбасының кімді жерлегенін анықтап жатыр.