Үш жылдық бюджет параметрлерінің болжамы қандай
«Макроэкономикалық түзетілген болжам негізінде 2019-2021 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы қайта қаралды. Республикалық бюджет кірісі 2019 жылы 6 трлн 786 миллиард теңге, 2020 жылы -7 трлн 360 миллиард теңге, 2021 жылы -7 трлн 998 миллиард тенге көлемінде болжануда», - деді министр.
Оның айтуынша, республикалық бюджет шығыстарының болжамы 2019 жылы 10 трлн 727 миллиард теңге, 2020 жылы - 11 трлн 59 миллиард теңге, 2021 жылы - 11 трлн 402 миллиард теңге көлемінде айқындалды.
«2019 жылы бюджет тапшылығын 2018 жылдың деңгейінде жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5 пайыз жоспарланған, ал 2020 жылы - 1,4 және 2021 жылы - 1,3 пайызғадейін төмендейді. Мұнай емес тапшылық 2019 жылы жалпы ішкі өнімге қарағанда 6,9пайыздан 2021 жылы 5,3пайызға дейін қысқарады. Бұл Ұлттық қордың тұжырымдамасымен белгіленген нысаналы көрсеткіштен аспайды», - деді ол.
Тимур Сүлейменовтің дерегінше, Ұлттық қордың валюталық активтері 2019 жылы 63 миллиард АҚШ долларыннан 2021 жылы 67,4 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды.