Ұшақ апатқа ұшырады, бір адам аман

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Ан-Нахар" телеарнасы хабарлағандай, Алжирде әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Бір адам аман қалды, оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Ұшақ апатқа ұшырады, бір адам аман

«Әл-Арабия» телестансасы ұшақ бортында 135 адам болғанын нақтылады, оның ішінде төрт экипаж мүшесі, әскери қызметшілер және олардың отбасылары бар.

Ел билігі әзірге қайғылы оқиғаға байланысты ешқандай ресми дерек таратқан жоқ.