Ұшақ апатқа ұшыраған жерді қарау барысында табылған барлық жеке заттар, құжаттар жиналып алынды - ҚР БКП

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Бас көлік прокуратурасы Алматы маңындағы авиаапатта қаза болған Асқар Ескендіровтің жеке заттарының жоғалуы туралы хабарламаға түсіндірме берді.

Ұшақ апатқа ұшыраған жерді қарау барысында табылған барлық  жеке заттар, құжаттар жиналып алынды - ҚР БКП

Бірқатар БАҚ-та қаза болған Асқар Ескендіровтің жеке заттары жоғалғаны туралы хабарлар берілді. Бұл факті шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Апат болған жер әскери бөлімдер әскери қызметшілерінің, ТЖМ және полиция органдары қызметкерлерінің күшімен қоршауға алынды. Ұшақ құлаған жерді қарау кезінде табылған барлық жеке заттар, құжаттар жиналып алынды және тиісті органдардың мұқият процессуалдық қарау жұмыстарына тартылды.

А.Ескендіровтің жеке заттары мен ақша қаражаттары салынған сөмке де табылды және қарау барысында жиналып алынды.

Көрсетілген процессуальдық шаралардан кейін заттар қаза болғандардың туыстарына қайтарылады. Тергеу тобына қаза болған адамның бауыры Р.Ескендіровтің өтінішінен басқа шағымдар түскен жоқ.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 29 қаңтарда Scat авиакомпаниясының «Көкшетау-Алматы» бағытындағы CRJ-200 LR ұшағы Алматы әуежайына қонар алдында Алматы облысының Қызылту кенті маңында апатқа ұшырады.

Оның бортында 16 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болды.

«Challenger-200» ұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза болғандардың тізімі:

Фейст Владимир, 1956 ж.т.

Рубас Александр Васильевич, 1960 ж.т.

Дюсбаев Дюсехан, 1949 ж.т..

Хусаинов Асқар Еркинович, 1989 ж.т..

Лотков Николай Николаевич, 1981 ж.т..

Малгаждаров Қайсар Мағжанұлы, 1969 ж.т.

Низамов Акрам Мухумдинович, 1977 ж.т.

Омаров Әбілжан Каримұлы, 1968 ж.т.

Оразбаев Марат Берликұлы, 1969 ж.т.

Дюсенов Ғалымжан Бағытжанұлы, 1974 ж.т.

Рахымбек Индира Рахымбекқызы, 1974 ж.т.

Бахытжан Бекжан (ұлы), 2011 ж.т.

Сериков Александр Иванович, 1980 ж.т.

Шутиков Арсен Айтказиевич, 1974 ж.т..

Ескендіров Асқар Қадыгерұлы, 1975 ж.т.

Жаворонков Иван Викторович, 1968 ж.т..

Экипаж:

Евдокимов Владимир Николаевич - командир

Шарапов Александр Владимирович - екінші ұшқыш

Бабаян Святослав Артурович - екінші ұшқыш

Кривоносова Ирина Николаевна - бортсерігі

Аспандиярова Дина - бортсерігі