Ұшақ апатынан екі турист қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Сена және Марна департаментінде туристік ұшақтың апатқа ұшырауы себебінен екі адам көз жұмып, тағы үш адам зардап шекті.

Ұшақ апатынан екі турист қаза тапты

France Presse хабарлағандай, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да Сен-Жан-ле-До-Жумо коммунасында орын алған.

Ұшақ бортында ұшқыштан өзге төрт адам болған.