Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн рубль өтемақы төленуі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апаттан қаза тапқан ресейлік экипаж мүшелері мен нақты іс-сапармен жолға шыққан борттағы азаматтардың отбасыларына 1 миллион рубльден өтемақы төленуі мүмкін.
None
None

Ресейдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин осындай тапсырма берді. Енді бұл іспен Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызмет пен Әлеуметтік сақтандыру және Зейнетақы қорлары айналысатын болады. Ал жолаушылар мен экипаж мүшелері алдындағы жауапкершілігін өз мойнына алған «Ингосстрах» сақтандыру компаниясы қыршын кеткен әр марқұмның отбасына 2 миллион рубльден өтемақы төлеуге уәде берді, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы жаңалықтар