Ұшақ апатынан жапа шеккендерге қатысты жаңа деректер мәлім болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандар мен жарақат алғандарға қатысты жаңа деректер мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдын ала деректерге сәйкес, 9 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны 9 адам, оның алтауы — бала» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.


Соңғы жаңалықтар